ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ДОСТЫҚТЫҢ БАС ҚАЛАСЫ

talgy_admin 25.12.2018 116 рет қаралды

«Түркі әлемінің жаңа жауһары – бейбітшілік пен дипломатияның бас қаласы Астана» осындай тақырыпта Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірлесіп өткізген конференция бас қаланың басты ерекшеліктерін тағы да айқындады.

Ашылу салтанатында сөз алған Еуразия ғылыми-зерттеу институты директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер Ұлы дала көшбасшысы, Түркі әлемінің ақсақалы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық құтты шешімдерінің бірегейі Астана қаласының құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтап, сөзін келесідей жалғастырды: Нұрсұлтан Назарбаев – Тәуелсіздікті баянды етуде халықаралық деңгейдегі феномен тұлға. Қазақстан Тәуелсіздік алған алғаш сәттен бастап, құрметті Н.Назарбаев халқының азаттық рухында өскенін, еркіндік рухын сезінгенін қалады. Ақсақалдың: «Рухы еркін халық қана ұлы істер атқара алады» деген пікірі үлкен философия. Жақында жариялаған әрбір сөйлемінің рухани мәні терең Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді» – дей келіп, Атажұртымыз – Қазақстан басшысының мұндай пікірі Түркі бірлігін арттыра түсетінін жеткізді. Себебі, тамыры бір түркі тілдес халықтардың ортақ тарихы қасиетті қазақ жерінен басталатынын белгілі.

Конференцияға қатысып өз ықыласын білдірген Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Риза Қаған Иылмаз Бейбітшілік пен жасампаздықтың, игілік пен достықтың орталығы ретінде қалыптасқан Астана қаласының 20 жылдық тарихында түркі әлемі және әлем саясаты үшін де көптеген жұмыстар атқарғанын жеткізді. Консулдың дипломат ретіндегі баяндамасын Сирия мәселесін шешуде және әлемдік маңызды халықаралық көрмелер өткізудегі Астананың абыройы мен беделі қазақ және түркі халықтарының бейбітсүйгіштігінің айнасы ретінде бағаланатынын атты.

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов тарихи сананың жаңғыруы мен Астананың ауысуы және қалыптасуы қатар ұғым екенін жеткізді. «Тәуелсіздік және этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы» тақырыбында баяндама жасаған З.Қабылдинов алғаш тарихи отанына қалай оралғанын тебіреніспен баяндады. Ең алғаш атамекенге «Жігіт сұлтаны» байқауына келгені, одан кейін Дүниежүзі қазақтары құрылтайына қатысқандағы жан тебіренісін ортаға салды.

Тәуелсіздік – мемлекет азаматтарына үлкен мүмкіндік жолын ашады. Тәуелсіздік алу қиын, ұстап тұру одан да қиын. Сол үшін де көп игілікті, әлемді мойындататын ерекше қажыр-қайрат үлгісі Астана екені мәлім. Қазақстан – жаңа әлемде жаңа рухы азат ұлт қалыптастырушы мемлекет. Осындай шақта жаңа орталығының маңызды рөл атқаруы да заңдылық. Астана шын мәнінде бүкіл әлем көз тіккен айтулы жиындарды өткізумен дараланды. Тізбектеп айтпасақ та, еркіндік таңы ширек ғасырдан сәл ғана асқан уақыт аралығында Ұлы даланы мекендеген халық Тәуелсіздікті сақтау мен жерінің біртұтастығын айқындауда айдай Астана салды. Астана тек Қазақстанның ғана емес, әлемнің бейбітшілік орталығы болды.

«Түркі әлемінің жаңа жауһары – Астана.

Бейбітшіліктің бас қаласы – Астана» десті конференцияға жиналғандар.

«Талқы-ақпарат»

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*