ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Руханият

Ұлттық академиялық кітапханада Түркология залы ашылды

talgy_admin 24.12.2018 31 рет қаралды

Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Түркология оқу залы салтанатты түрде ашылды, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі.

Зал Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көтерілген «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» деген жобаны қолға алу мақсатында ашылды.

Оның мақсаты түркітілдес халықтардың рухани мұрасын сақтау, насихаттау және дамыту болып отыр.

Іс-шара барысында ғылыми-танымал жазушы, аудармашы және түркітанушы Немат Келімбетовты зерттеуге арналған «Қазақстанда қазіргі заманғы түркологияның дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция қатысушылары түркітанудың қазіргі жағдайы мен келешегін, түркі халықтарының мәдени және рухани құндылықтарын дамыту және насихаттау, тәуелсіздік тұрғысынан түркітану тарихын зерттеу, адамзат тарихындағы түркі өркениетінің рөлін талқылады.

Сондай-ақ, жиын барысында «Раритет» баспасынан қазақ, орыс ағылшын тілдерінде басылып шыққан дүние жүзі түркологиясының тарихына арналған «ТҮРКОЛОГИЯ. Дүниежүзі түркологиясының тарихы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шараға профессорлар М.Жолдасбеков, С.Қасқабасов, жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, белгілі орыс жазушысы, журналист және баспагер, қоғам қайраткері, орыс әдебиеті академиясының академигі (Мәскеу) Г. В. Пряхин және т.б. қатысты.

madeniportal.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*

Оқи отырыңыз