ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Жұмаш Кенебай: «Көкшетауда өткен «Жетеудің хаты» атты әдеби кеш турасында

Саясат

Жұмаш Кенебай: «Көкшетауда өткен «Жетеудің хаты» атты әдеби кеш турасында

talgy_admin 21.10.2018 236 рет қаралды

 

18.10.2018ж бейсенбі күні Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласының мәдениет сарайында үлкен мәдени шара өткені белгілі. Қазір елімізде кеңінен етек алған «Рухани жаңғыру» аясында небір мәдени және әдеби шаралардың өтіп жатқаны белгілі.

Бұл жолы Ақмола обылысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жетеудің хаты» атты әдеби кеш өтті.

Атап айтқанда «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының қолдауымен «Алдаспан» сериясымен көкшетаулық жеті жас  ақынның  жеке жыр жинақтары жарық көрген. Олар: Жайнарбек Зандыбайдың «Бәсіре», Серікбай Әбілмәжіннің «Саршатамыз», Мерген Тоқсанбайдың «Антитеза», Қуаныш Оспанның «Аспандағы Астра» Құрмет Құралханның «Мөр», Бақытбек Бекмұратұлының «Қоңфыр мұң» және Серғазы Қайырболдының «Постскриптум»-дардың кітаптары еді.

Бұл салтанатты кешке Ақмола облысы әкімдігінің жауапты басшылары,  мұражай директоры Нұрбек Нұралы, ақын, Ақмола облыстық жазушылар одағы филиалының бастығы Алмас Темірбай және т.б. осы өңірдің танымал тұлғалары, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Ұлықбек Есдәулет, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Әлібек Асқаров, жазушы Жабал Ерғалиев, Қазақстан Жазушылар одағының «Әдеби белдеу» аясында осы өңірде шығармашылық сапармен жүрген: жазушы, филология ғылымдарының докторы, Алматыдағы «Әдебиет өнер өнер институтының» бас ғылыми қызметкері, белгілі жазушы Нұрдәулет Ақыш, ақын, қоғам қайраткері, «Қазақ телевизиясының ардагері», «Қазақ журналистикасының қайраткері», Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты Жұмаш Кенебай Көкбөрі, белгілі жазушы, танымал әдеби және театр сыншы  Айгүл Кемелбаева арнайы шақыртылылған еді.

Бұл  Ақмола облыстық әкімдігі, өнер қайраткерлері мен қаламгерлер белсене қатысқан аталмыш әдеби кеш — керемет ұйымшылдықпен жоғары деңгейде өткені мәлім…

 

 

 

Жұмаш Кенебай Көкбөрі,

Ақын, қоғам қайраткері,

Көкшетау қаласы,

21.10.2018 жыл.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*