ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Алмас Темірбай. Қаламгерлерді қанаттандырар жаңа жоба

Талқы алаңы

Алмас Темірбай. Қаламгерлерді қанаттандырар жаңа жоба

talgy_admin 20.10.2018 193 рет қаралды

Опубликовано Алмасом Темірбаем Понедельник, 15 октября 2018 г.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1896947203674518&id=100000777691752

ҚР Президент Әкімшілігі мен Қазақстан Жазушылар одағының бірлескен жобасы — «Әдеби өлкетануды дамыту» атты ауқымды жоба Ақмола облысында бастау алды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асатын үлкен әдеби-мәдени шаралардың бірі саналатын бұл республикалық жобаны жүзеге асыруға Ақмола облысының әкімдігі бірінші болып ынта-ықылас білдіріп, Қазақстан Жазушылар одағымен келісім-шартқа отырған-ды. Бүгін осы жобаға қатысушы алматылық, астаналық қаламгерлер — филология ғылымдарының докторы, жазушы Нұрдәулет Ақыш, ақын, журналист Жұмаш Кенебай, сыншы, жазушы Айгүл Кемелбаева Көкшетауға ат басын тіреді. 

Әдебиет және өнер музейінің ұйымдастыруымен өткен бұл кездесуде қаламгерлер
Көкшенің зиялы қауым өкілдерімен, оқырмандармен жүздесті, жұмыс жоспарларымен бөлісті. Алдағы күндері қаламгерлер мұражайлар мен мұрағаттарды аралап, болашақта шығармаларына арқау ететін өлкенің елі мен жерімен, тарихымен танысу мақсатында Бурабай, Біржан сал, Атбасар, Зеренді, Целиноград, Ерейментау, Қорғалжын аудандарына жолға шығады.

Aйта кетейік, аталмыш жоба аясында әр өңірлерден арнайы шығармашылық топтар жасақталады. Олар белгіленген кесте-жоспар бойынша облыс-аудандарға әдеби экспедициялар ұйымдастырып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді, көркем шығарма жазумен шұғылданады.
«Әдеби өлкетануды дамыту» жобасын іске асыру барысында қаламгерлер төмендегі тақырыптарды қамтиды:

1. Аймақтарда жалпыхалықтық деңгейге шықпаған әдеби-рухани жәдігерлерді зерттеу;
2. Аймақтар тарихына, жер-су атауларына, аңыз-афсана және өзге де көркем-әдеби дүниесіне арнап көркем шығарма (өлең, поэма, баллада, әңгіме, хикая, роман, спектакль, балаларға арналған шығармалар) жазып, жарыққа шығару;
3. Тәуелсіздік алғаннан бергі өңірлерде болып жатқан мәдени-әлеуметтік оң өзгерістер туралы жаңа көзқараспен публицистикалық, поэтикалық, прозалық шығармалар жазу үшін материалдар жинау;
2. Қазақстанның классикалық көркем шығармаларындағы тарихи орындар мен атамекендердің бүгінгі хал-күйін зерттеп, жаңа материалдар жинау;
4. Қазақстанда әр жылда жазылған шығармалардың әдеби картасын жасау.
5. Ел аралап келген ақын-жазушылардың жинаған материалдары бойынша жаңа көркем шығармалар жазу.

Аталған жобаны Жазушылар одағы облыстармен бірлесе отырып жүзеге асырады, Мәдениет және спорт министрлігінің қадағалауында болады.

Р.S. Бұл еңбектер жобаның соңғы кезеңінде жеке-жеке кітап боп жарық көріп, халықтың игілігіне ұсынылады.

Алмас ТЕМІРБАЙ,
Қазақстан Жазушылар одағының
Ақмола облыстық филиалының директоры.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*