ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Жұмаш Кенебай. Шерлі жүрек Шер ағамыз бақұл бол!

Талқы алаңы

Жұмаш Кенебай. Шерлі жүрек Шер ағамыз бақұл бол!

talgy_admin 10.10.2018 261 рет қаралды

 

ШЕРЛІ ЖҮРЕК ШЕР АҒАМЫЗ БАҚҰЛ БОЛ!

 

Өз тұсында кесек мінез, өр аға,

Өтті өмірден шерлі жүрек Шер аға!

Бір перзентін қойнына аларын біліп,

Күңіреніп теңселгендей Жер-Ана!

 

Ажал – серік болса дағы көнеден,

Ауыр еді, азапты еді не деген!

Ал ұлтына: «Бақұл бол!» деп айтудан

Басқа лаж жоқ, шарасыздық не деген!

 

Қай кезде де жолы ауыр ғой қазаның,

«Өлді!» деген сөзді қалай жазамын?..

Бел шешпеген бұл күресте Ұлты үшін,

Бір перзентін жоғалтты ма, Қазағым?

 

Мықтылаордың өзіменен тірескен,

Ұмытылмас ол күндердің бірі естен…

Қазағының Тілі менен Жері үшін

Бұл Шер ағаң бір адамдай күрескен!

 

 

Ұлт басынан небір жайлар өтіпті,

Арман қайда?.. Оған кімдер жетіпті?

Міне, осындай шерлі, мұңды Шер аға

Ауыр шындық – бұл Жалғаннан өтіпті!

 

Өз тұсында кесек мінез, өр аға,

Өтті өмірден шерлі жүрек Шер аға!

Бір перзентін қойнына аларын біліп,

Күңіреніп теңселгендей Жер-Ана!..

 

 

Жұмаш Кенебай,

10.09.2018 жыл.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*