ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқан күні.

Басты ақпарат

Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқан күні.

talgy_admin 03.10.2018 162 рет қаралды

 

2 қазан — тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқан күні. Осы күні ғарышкердің үйіне Астана қаласындағы 65-мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушылары келіп құттықтады. Бүлдіршіндер Тоқаңа түрлі сұрақтар қойды:ғарышта қандай басқа ғаламшарларды көрдіңіз, Айдың түсі қандай, ғарыш суық па, ыстық па дегендей. Балдырғандардың ой-өрістері таңғалдырды. Ұстаздары Айгүл Амантайқызы шәкірттерін сұрақтарға жетелеп отырды. Сауалнамаға қарағанда, 30 шақты баланың 9-ы ғарышкер болғысы келеді екен. Олар арманшылдығымен, жан-жақтарын байқағыштығымен ғарышкер ағаларын сүйсіндіре білді. Кездесуге Тоқтар ағаның қарындастары Гүлшат пен Гүлжан, жақын інілері Болатқожа, Қанат және қаламгер Бақытжан қатысты. Балауса жеткіншектер xалықтың біртуар ұлымен ескерткішке суретке түсті.

 

Ақпаратты дайындаған

Бақытжан Тобаяқов, ақын

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*