ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Хабар жүргізушілерді жарнамалау — қашанға созылмақ?

Саясат

Хабар жүргізушілерді жарнамалау — қашанға созылмақ?

talgy_admin 29.09.2018 967 рет қаралды

 

Жұмаш Көкбөрі

SOS!

«Қазақстан» телеарнасындағы телехабар жүргізушілер күні бойы өздерін жарнамалай беруден жалықпай ма?

 

Басқаларды қайдам, мені байырғы тележурналист, «Қазақ телевизиясының ардагері» ретінде телехабар жүргізушілердің сәл мүмкіндікті пайдаланып, өздерінің әр түрлі «поза да» тұрғандарын, бастарын шұлғып сөйлескендерін, еркектері де, әйелдері де  беттерін баттастыра бояғандарын, хабар алдындағы дайындықтарын, т.б. біз үшін  тым ерсі қылықтарын жиі-жиі жарнамалаудан қысылмайтындарына таң қаламын!

Турасын айтқанда, әр нәрсенің шегі болуы керек қой. Онсыз да осы телехабар жүргізушілердің көпшілігінен көрермендердің әбден мезі болып  жалыққандары соншалық, оларға қарағылары да келмейді, тіпті, көбінің құсқылары келетіні өтірік пе?

Онсыз да қалың қазаққа сүйкімдері кетіп болған оларды қайта-қайта жылтыңдата бергенше, ұлтымызға танымдық, тағлымдық мәні зор ұлы даламыздың тарихи орындарын немесе сұлу табиғатын, қазақтың қанатты сөздерін, мақалдарын, мәтелдерін, құдіретті Абайдай ұлыларымыздың бейнелерін дәл ана дәмі жоқ, татуы жоқ тележүргізушілерді көрсеткендей жиі-жиі көрсетсе, ұтпасақ, ұтылмас едік.

Осы қайта-қайта жарнамалар жасалып жататын ана теле жүргізушілердің көпшілігінің көрермендерді әбден мезі еткендері де өтірік емес. «Қазақстандағы» көптеген телехабарлар қазақ көрермендерін жалықтырып жібергендерін де өтірік деп айта алмаймыз. Қысы-жазы боянған, сыланған бір телехабаржүргізушіге жұрттың қарағылары да келмейді.

Бұл өздерінше «керемерт» телехабар жүргізушілермен жарыса көрсетіліп жататын ана бір дарақы, жүгенсіз ауызы-бастарын қисаңдатқыш жыртылып-айрылатын «қабатов-сабатовшылар», өтірік фонограммамен өтірік ән «салғыштар» туралы әңгіме мүлдем бөлек.

Бұрын да талай рет жазғамын, бұл телехабар жүргізушілер, дүкен сөрелеріне сатуға қойған қайдағы бір «китайский» тауарларға айналғандарына олардың өздері намыстанбаса да, қарапайым халық жерге қарайтындай күйге жеткені өтірік пе? Не нәрсенің де шегі болу керек қой. Жалғыз «Қазақстан» телеарнасы ғана емес, елдегі барлық телеарналарда қазақ тұшынып көретін түк қалманы өтірік пе?

Сонда осыларды көріп біліп отырған, оларға жол көрсетіп, басқарып отырған олардың министрінен бастап, толып жатқан үлкенді-кішілі басшылары қайда қарап отыр деген заңды сұрақ туады екен амалсыз…

Қазақ деген қасиетті ұлтты қорлау қашанға дейін жалғаспақ?

Бұларға тыйым салу үшін қазаққа бір ғана жол қалған сияқты. Ол, халық болып, ашық талап қойып бір кісідей  көшеге шығу дер едім. Әйтпесе, бұл шіркіндерге сөз өтпейтін болғалы, міне, 27 жылдан асыпты…

 

Жұмаш Көкбөрі,

29.09.2018 жыл.

1 Comments

  1. Руза 29.09.2018

    100 пайыз келісемін!

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*