ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Бақытжан Тобаяқ. «Алтайдың ақ иығы» Оралхан Бөкей туралы жыр-толғау

Талқы алаңы

Бақытжан Тобаяқ. «Алтайдың ақ иығы» Оралхан Бөкей туралы жыр-толғау

talgy_admin 28.09.2018 549 рет қаралды

 

Қазақтың аса талантты ұлы, көрнекті жазушы Оралхан Бөкей егер тірі болса қазір 75 мүшел жасқа толар еді. Бір үзік өлеңді ғайжайып дарын иесіне арнап едім. Автор.

 

 

АЛТАЙДЫҢ  АҚИЫҒЫ

 

                            Әзелден ғашық едім сұлулыққа,

Сұлулыққа, жеткізер ұлылыққа.

Пар аттай екеуі де қатар жүйткір,

Осыны  түйсігі бар ұғынып па.

 

Па, шіркін, Алматымдай бар ма мекен,

(Қарасаң бұ дүние-ай жалған екен).

Кездестім шаһарымда Орағаңмен,

Оны мен әлі күнге ардақ етем.

 

Болғандай берекесі бір әулеттің,

Бас қостық отауында Нұрдәулеттің.

Ән шырқап, домбырадан күй ақтардық,

Тиегін ағытушы ек жыр-сәулеттің.

 

Отырды әңгімемемен жырлап тойды

Орағаң ұзын шашты, сұңғақ бойлы.

Кескінді, кепиетті келбетті ағам

Құлжа басын бір сәтке ырғап қойды.

 

Шертілді небір сырлар ілгеріден,

Шежіреден жастардың білгені кем.

Ағаның кигені әсем жарасады,

Көйлегі тігілгендей үлдеріден.

 

Айтылды ұлылардың ғибраты,

Сыйластығы, пенделік қиғылаты.

Сол тұста бәйгеге түскен еді

Есенберлин көкемнің тұйғын аты.

 

Сүйсінеміз сұқтанып бар ғажапқа,

Іштарлансаң ит тырнап қал мазаққа.

«Тақияға тар келмес еді-ау, шіркін

Қос Лениндік шоң сыйлық бар қазаққа».

 

Деді осылай Орағам, нар ағатай,

Әрбір сөзі уәжді, данаға сай.

Жомарттығы, мәрттігі аңыз болған,

Мінгіздіріп жіберер балаға тай.

 

Әуезовке ұқсайсың деді маған,

Мейірлене бір сәтке еділ ағам.

Қанаттанып,

Марқайып қалдым мен де,

Қанаттыны түсінбес тегі надан…

 

Осылайша ағамен нұр жүздестік,

Арамызда тұрды жіп бір үзбестік.

Алашымның тарихы қатпар-қатпар,

Сол тарихтан жыр менен сыр іздестік.

 

«Өз отыңды өшірме». Аты қандай,

Әр тарауы тарихқа татығандай.

Теміржолдың сойлары сом жүректі

Айға алыс барыс боп атылғандай.

 

Зүбәржаттай, гауһардай заты-ау зере,

Төгілдірген маржан сөз «Атау кере».

Шаң қаптырған талайды шандоз ағам,

Болашаққа жазылған хаты-ау дере.

 

Даңқыменен ендігі түзді аулады,

Жас кетті ғой, көкірек сыздаулады.

Қалар мәңгі қазақтың жүрегінде

Жырлап өткен өзінің «Мұзтаулары».

 

Жетімдерге өзі де тал панадай

Болып еді өмірде қалқан ағай.

Паң таулардай паң еді, тәкәппар жан,

Тауға біткен шынардай балқарағай.

 

 

…Балқарағай мекені балмағыздай,

Тау өзені күркіреп салды ағызды-ай.

Дәреметін көрерсің Орағаның,

Жас ұрпағым, дәнегін ал нағыздай!

 

 

 

 

Бақытжан Тобаяқтан

Астана

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*