ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Алматыда мектеп ұстаздарының қалалық жарысы өтті!

Талқы алаңы

Алматыда мектеп ұстаздарының қалалық жарысы өтті!

talgy_admin 27.09.2018 448 рет қаралды

 

 

26.09.2018 ж. Алматы қаласындағы 148-мектеп-гимназияда(мектеп директоры Фатима Әлиакпарова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Аида Кәрменова) Қазақстан халқы күндеріне орай ұстаздар арасында ұйымдастырылып отырған қалалық «Жұлдыздар жарқырайды» әдеби-сазды байқауы өткені белгілі. Бұл мәдени шараға Алматы қалалық білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының қазақ тілі бойынша әдіскері Кәрима Кәрімқызы Мадалинова мен бастауыш сынып әдіскері Сандуғаш Әтейбектердің мұрындық болған еді.

Бұл қалалық жарысқа қатысушы ұстаздар өздері білім беріп жатқан оқушыларымен сахнаға шығып, өз өнерлерін көрсетіп жатты.

Алматы қаласының аудандарынан келген бұл жеңімпаз ұстаздар білімі мен білігін, өнерін көрсетуде ерекше көзге түсті деп баса айта аламыз.

Осы арада ұлтымыздың рухын асқақтатқан, қазақ тілінің мәртебесін биікке көтерген бұл ұстаздарға қарап отырып, осындай ұстаздарымыз бен оқушыларымыз барда қасиетті Қазақ тілін ешкім де кеудесінен теуіп, өз елі, өз жерінде өгейсіте алмайтынына бір сәтке болса да көзіміз жеткендей болғаны рас еді.

Айтпақшы, ұстаздар таңдап алған әндердің барлығы да ұлттық рухымызды бір көтеріп тастағандай сезімге бөлегені анық.

Бұл ұстаздардың өнерлеріне қарап отырып, анау бір тілімізді менсінбей жүрген, құлдық санадан арылмаған қазақ тіліне қас белгілі күштердің қанша қарсыласса да, күндері өтіп бара жатқанын жүрегіңмен, жаныңмен сезінеді екенсің!

Ұлтымыздың осындай рухты ұстаздары бар да, олар тәрбиелеген шәкірттері бюар да, ҚР Мемлекеттік Тілі —  Қазақ Тілін қандай күш те жоя алмайтынын сезінген сәтте, кеудемізге сенім ұялағандай болғаны анық.

Байқау болған соң оның белгілі бір шарттары, жеңімпаздардың жеңіп алатын орындары болатыны анық қой. Бірақ, бұл ұстаздарымыздың барлығы да қандай марапаттарға да лайық екенін басып айтқымыз келеді!

Айтпақшы, аталмыш жарысқа төрелік жасағандар: Алматы қалалық әдістемелік орталықтың әдіскері Кәрима Мадалимова, әдіскер Сандуғаш Әтейбек, белгілі өнертанушы, ұстаз Шаяхмет Имашұлы, ақын, публицист Жұмаш Кенебай,  Алматыдағы 12-балалар музыка мектебінің бөлім меңгерушісі Райхан Ризабекқызы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлшара Есетқызы, осы сайыс өтіп жатқан 148 мектеп-гимназия ұстаздары болған еді.

Бұл салтанатты шараны жүргізген 148 мектеп-гимназия ұстаздары: Құралай Төлеуғали, Жеткіншек Меңірғалиевтердің шеберліктерін де атап өткен жөн сияқты.

Өз ойымызды қорытындылай келгенде айтарымыз – ұлтымыздың барша  ұстаздарын алда келе жатқан Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтай отырып, оларға қашан да Қазақ ұлтының рухын асқақтата беріңдер дегіміз  біздің аяулы ұстаздарымыз дегіміз келеді!

 

Жұмаш Кенебай,

27.09.2018 жыл.

 

Суреттерді түсіргендер: 148 мектеп-гимназияның 11 «а» сынып оқушысы Ләззат Жандосқызы және т.б. оқушылар.

1 Comments

  1. Аида 27.09.2018

    Ұстаздардың мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара жоғары деңгейде өтілді. Ұйымдастырушыларға алғысымвз шексіз. Қажымай-талмай еңбектеніп жатқан ұстаздарымызға зор денсаулық, жанұялық бақыт, шығармашылық табыс тілейміз.

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*