ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Ұлдай Ибайдуллаева. Ажырасып жатыр

Басты ақпарат

Ұлдай Ибайдуллаева. Ажырасып жатыр

talgy_admin 24.09.2018 434 рет қаралды

           

 

 

ТМД елдерінде отбасы инситуттарының болжамына қарағанда қазақ елі ажырасудан Ресейден кейінгі 2-ші сатыға көтеріліпті. Елімізде әрбір төртінші отбасы ажырасады.

 

Неліктен?

Оның бірнеше факторлары бар.Еркектің  өмірінде әйелдің пайда болуы –  түбегейлі өзгеріс.Үйленген соң  жігіттің жайбарақат өмірінің тас талқаны шығады.Бұрынғыдай мейрамхана,түнгі клубта достармен  алаңсыз шалқитын күндер келмеске кетеді.Үйде емін-еркін талтаңдап,заттарын лақтырып, ойындағы істермен  еркін айналысатын әдеттерге тиым салынады.Келіндер серігінің өмірін өзгертуге білек сыбана кіріседі.Яғни, олар «жігітің басына ноқта кигізеді» ол енді, әйелінің қалауымен жүреді: бұрынғыдай сауық-сайран орындарын базар,дүкен, әйелінің қайын жұртының той домалақтарына алмастырады.Мұндай тәртіпке жігіттер бірден үйрене алмайды.Бұл талаптар шектен шығып оны мәжүбірлей берсеңіз,іс насырға шабады.Жігерлі, намысқой жігіт болса «ноқтаны» үзіпіп лақтырып жібереді. Ал, пысық келіндер бармақ тістап, көз жасына ерік беріп қала береді.

Неге?

Сіз, мен оған жақсылық қана ойладым «адам қылам» дейтін             келіншектерге жұбайы ызалана түседі.Ер азаматтардың әйелінен алыстауының ең басты себептерінің бірі «қайта тәрбиелеу» тәжірибесі.Ал шындығында, әйелдер қанша тыраштанса да, еркекті түбегейлі өзгерте алмайды.Мүмкін кейбір дағдыларға ақырындап үйретуге болар.Айталық заттарын бір орынға қою, сол жерден іздеу дегендей.Біздер әйелдер әрдайым күйеулердің қателіктерін бетіне басуды мораль оқығанды жақсы көреміз.Бәрі мен  ойлағандай болса  дейміз.Жігітті ұстау үшін тағы бір айламыз балалардың санын көбейтуге күш саламыз.Немесе баланы жетектеп әкенің үйіне тура тартамыз.Бұл айлада іске аспайды.Себебі,бұл қалауымыз дұрыс емес.Барлық жұмысы еркекпен, өзімнің қалауыма қарай оны қайта тәрбиелеймін» десеңіз қателесіз.Әйелдің көпшілік ортада еріне жөнсіз ескерту айтуы тағы бір даудың шығуына себеп болады. Жұбайыңыз өзін өзгертуге барын салған әйелге ерегесіп,қарсыласуы мүмкін.Тағы бір қауіп жігіттің ата-анасын ұнатпауыңыз,олар туралы жағымсыз теңеу сөздеріңіз.Отағасы сол сәте үндемесе де, есінде тұрады.Мұндай әйелдері бар азаматтың үйіне оның туыстар жоламайды,керсінше әйелдің төркіндерінен мезі болған еркектің ішінде реніші жинала береді.Сондай-ақ жігіттерді –төркініне жетелей беру,келіншектің әкесінің үйіне жиі баруы оның ата-анасына ұнамайды.Келінің бұл тәсілін сезген туыстары «іргені аулақ» салады.Мұндай жағдайда еркек әйелдің өмірінен алыстай береді.Ерлі-зайыптылар арасында «жүз шайысу» болған, бола береді.Ол өмір заңдылығы. Басынан сөз асырмайтын отағасының сөзін тыңдамай өз пікірін тықпалап «аузыңды жап» сөзімен аяқтайтындардың болашағы бозара береді.Жарының бұл мінезіне шыдамаған сөзін өткізе алмаған еркектердің басым көпшілігі қолын бір сілтеп үйден кетіп қалады.Ажырасуға тағы бір себеп:әйелдер орынсыз қызғанышқа жол береді.Сөйтіп олар «бәрібір сенбей» қызғаныш оты лаулай береді.Қызғаныш билеген әйелдер бақылаудан шығып, өзі күлкіге айналады. Олардың басты дәйегі «сені бір қатынмен көріпті, біреуің бар сияқты» бұл дәлелденген шындық емес. Мұның аты өсек.Өсек барлық игілікті істерді бұзады пендені жаманшылыққа  итеретін әзәзіл.Мүмкін отағасының ойында ондай ниет жоқ та шығар.Ажырасуға «жағдай» жасайтын әйелдердің бір тобын Қорқыт атаның пайымдауындағы: ниеті қураған әйел, кесір,ынсапсыз әйелдер әйелдер.Олардың арасында мен де, сізде бармыз.

Кесір, ынсапсыз, ниеті қураған әйелдер кімдер?

Кесір әйел,басынан сөз асырмайтын дөрекі, ерінің намысын таптайтын, с көк қатындар.Ниеті қураған, ынсапсыз әйелдер дүниеге көзі толмайтын біреуден көргенін алып қалғысы келетін дүниеқоңыздар.Отағасы отбасын шамасы келгенше  асырап отырса да,  әйелдің оған қанағат етпеуі, «аналар          жылда шетелде демалады…» деген сөздер айтыла береді. Ынсапсыз әйелдер орынсыз қызғанышқа жол береді Қызғаныш билеген әйелдер бақылаудан шығып, өзі күлкіге айналады. Олардың басты дәйегі «сені бір қатынмен көріпті, біреуің бар сияқты..» бұл сөздердің бәрі дәлелденген шындық емес.Мүмкін отағасының ойында ондай ниет жоқ та шығар.Аяғы жанжалмен аяқталып, ол басқа әйелді шындап іздейді. Ажырасуға апаратын тағы бір есіктің қақпасы ашылады. Әрине,некелі жарыңның көзіне шөп салуы – әйелді тірі өлік күйге түсіретін, пенденің басындағы қасіреттердің сорақысы.Сіз қалайда ашынасынан ажыратуға әрекет іздеп,көріпкел мен психологтардың есігін тоздырдыңыз. Бұл орайда көріпкел де, психолог та, сәуегей де, дос, бауыр да ақылшы бола алмайды.Неліктен еркек әйелдерінен сырт айналады?

Сонымен, жұбайыңызда «көңілдес» басқа әйел мүмкін болашақ тоқал пайда болды.Ол әйел – әзірге бар болған «көңілдес», халық тілінде «ойнас» қана. Алғашқысы көңіл көтеру, уақытша көңіл көтеру. Екінші сөздің ана тіліміздегі тура баламасы ойнау дегенді білдіреді. Ең бастысы, күйеуіңіздің сізден біржола кететін ойы жоқ еді.Еріңіздің көлденең жүрісін жиі есіне сала берсеңіз, арты өртке ұласып,оның уақытша көңіл көтеру жоспары шындыққа айналуы мүмкін.Ақылды әйел бәріне сабырмен қарап, еркекпен бірге өмір сүрудің артықшылықтарын ұмытпайды.Жұбайынан өзге әйелге көз тастау бізге дейін де болған, бізден кейін де бола беретін өмір өткелі.Ай мен күннің ауысатынындай басы ашық, ақиқат.Сондықтан да мен оның «жалғызы» болам деген орындалмайтын арман қиялда қалықтап қала бермек.Бұдан үзілді-кесілді бас тартқыңыз келсе, онда оны да, өзіңізді де қинамай, жалғыз өмір сүріңіз. Ер азаматтарды «отағасы», арғы әжелеріміз аталарымызды «ерім, пірім» деп атаған.Аналарымыз «байың қараса, бақ қарайды», «отыз ұлың болғанша, опырық шалың болсын» дейді.

Жазушы Әзілхан Нұршайықов: Қыздар! Жаңдарында жүрген жігіттерді ақылмен, әдептілікпен, сыпайы мінезбен, сүйкімді назбен тізгіндей біліңдер. Жігіттердің жұлқынған асау жүрегін адамгершілік асыл қасиеттермен бұйдалап алып, оларға айтқандарыңды істетіңдер: арақ ішкізбеңдер, айқайға жуытпаңдар.Өйткені қыз жетектесе ілеспейтін, қыз қиылса көнбейтін жігіт жоқ.Өйткені ақыл анадан тарайды, адамгершілік әйелден басталады, қыздан – қылық, тәрбие, тәлім туындайды.Өздеріңе табиғат сыйлаған осы бір өзгеше өнерлеріңді қастарыңда қаумалап жүрген жігіттерге игі әсер етуге жұмсаңдар. Жігіт – жаныңда жүрсе жолдасың, жауға жұмсасаң – жолбарысың.Жігіт – ортада жүрсе орманың, шетке шықса – қорғаның- дейді.

Ата бабадан келе жатқан қазақ әйелдің міндеті-  еріне бой ұсыну,бағыну.Қарапайым қағида, бірақ өмірде оның орындалуы өте қиын.Себебі, біз бұл заңдылықты ұстансақ кішірейіп қалатындай көреміз де,батыстық, орыстық дүбара мәдениеті мойындаймыз. Отағасы біраз қыдырып кетсе, қайтып оралары ақиқат.Бір сөзбен айтқанда, жарыңыз уақытша көңіл көтеріп, ойнап үйіне, балаларына, жұбайына қайта оралады.Олар отбасының таусылмайтын тауқыметінен бойын аулақ ұстайды, сөйтіп бір сәт «жылы жер» іздейді.Және қазақстанда бір еркектің басына 7-8 әйелден келетін есте ұстайық.Ерлі- зайыптылардың  ажырасуына тіклей кінәлердің бірі- олардың өміріне ата-аналарның орынсыз араласуы басты себептердің бірі. Әсіресе құдағайлардың бір-біріне көңіл толмаушылық әрекеттері, екі жақтың әлеуметік теңсіздігі үлкен рөл атқарады. Бұл өз алдына бөлек әңгіме…

Қай ұлттың әйел затына бөлетін орнын қазақ қоғамындағы  орнымен салыстыруға келмейді.Қыздар ата- бабаларымыздың «Қазақ қызына төрден орын берген. Қыз –қонақ, қыз –өріс, болашақ өзге жұрттың анасы» –деген сенімді серік етеді.Нәзік жанды қыздарға қарап, ер-жігіттердің бойына күш-қуат бітеді. Өйткені ер мен әйел әрқашанда бірін-бірі толықтырып отырған.Бәрімізде үйдің құты болатын әйел болуға тырысақ.Иә, еркектің бағын ашатын – ақылды әйел. Ер адам қандай қиыншылыққа душар болмасын, әйелі қолдамаса, оның өмірде жетістікке жете алмайдыы.Толстойдан біреу: «Адам қай кезде бақытты болады?» дегенде, ол: «Қолда барына қуанып,қолда жоқта ойламаған кезде» депті.

Әйел де, ер адам да бір-біріне кешіріммен қарап сыңарларын қолдап, қолпаштап отырмаса, беті ашылған ерлі-зайыптылар отбасында некенің бұзылуына апарады. Яғни, ажырасуға тура келеді. Ажырасу– әлсіздердің әрекеті.Ол жарыңыздан біржола айырылу, жалғыздық, баланы әкеден, ата-әжесінен туыстарынан айыру.Бұл жағдайдың сырты ғана.Сіздің жан-дүниеңіздің азабын кешу тағы бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалай десек те, ақыл ойдың жоғары көрсеткіштері ер адамдарға тиесілі.Олар патша, дана, шешен, батыр, ата, аға, іні, жар, ата-ананың мұрагері,отан қорғаушылар, ұрпақ жалғастырушы, отбасын асыраушылар, асқар тау, әке. Мемлекет басқарушылар, бастықтар, елдің тағдырын шешетін тұлғалар, өз шаңырақтарының тірегі.

 

 

Алайда, азаматар арасында миғұлалар, маубастар, маскүнемдер, жатыпішер жалқаулар, әйелдерсіз күн көре алмайтын, ауырса мүсәпір бола қалатын дәрменсіздер,төмен етектіні жібермейтіндері де баршылық.Біз әйелдер ерлер жайлы қалай десек те олар бәріміздің сүйіктілеріміз. Азаматсыз әйелдің күні күн емес.Халық тілінде отбасынында ер азаматтарды «отағасы», арғы әжелеріміз аталарымызды «ерім, пірім» деп атаған. Аналарымыз «байың қараса, бақ қарайды», «отыз ұлың болғанша, опырық шалың болсын» дейді. Жазушы-философ Николай Бердяев орыстың өмірін «әйел билеген» елдер қатарына жатқызады.Бердяевтың пікірінше:орыс қызы бай іздеумен болады.Орыс әйелі күйеуіне билігін жүргізеді,күйеу баласы қатының үйінде тұрады әрі,арланбайды.Ал қазақ мәдениеті ежелден еркек билеген патриархалдық мәдениеті қолдайды, сондықтан әкенің беделі үстем болды.Бүгінгі таңдағы статистикаға жүгінсек, қазақ еркектерінің 85-90 пайызының көңілдесі бар деп болжайды.Олардың арасында аталар, әкелер, аға-іні ұлдарымыз да бар.Әйел десе, әжеме тиеді дейді.Ал, еркек десе ата, әке, ата,аға,іні ұлдарымызға тиеді.Бұл әйелдердің ежелден басынан өткен жағдаяат.Тарихқа қарайласақ қалмақ сұлуына бола жалғыз інісін өлтірген Батыр Баян туралы аңызды бәріміз  білеміз.Кіші жүздің ханы Нұралы қашқан қалмақ тоқалымды қайтармады деп, Орынбор әкімшілігімен келіссөз жүргізуден бас тартқан.Бұл тарихи ақиқат.Шығыс билеушісі үшін бәйбіше-тоқалдарына ие бола алмау – оның бағыныштылары алдында беделін түсірген.

Ал,ғалымдар былай дейді:әйелдерде қорқыныш пен ашу-ызаға жауап беретін ми аймақтары жақсы жетілген.Бұл сезімдер ақыл-ой қабілетін төмендетеді.Ер адамдарға табиғаттың өзі артықшылықтарды сыйлаған. Сондықтан еркектердің көздері жақсы көреді, құлақтары жақсы естиді. Еркектер әйелдер сияқты ұсақ-түйекті көрмейді, байқамайды. Айталық, әйел үйге кіріп келе жатқанда есіктің алдында жатқан аяқ киімді жинай кіреді, ал, отағасымыз бен ұлымыз алдында не жатса да аттап өтеді.Еркектердің ақыл-ой өлшемі әйелдерден жоғарырақ.Дәлел: еркектердің ақылы – 119, әйелдерде – 113 пайыз.Ажырасуға себепші тек әйелдер ғана емес ерлер тарапынан кететін қателіктер басым. Асыраушы азаматтың үстемдігі моральдық және өзімшілдік сезімінің жоғары болып, әйелді қор тұтады. Мұндай жағдайда әйел үнемі еркекке тәуелді болады. Оның кемсітуі, әйелдің «мен сені асырап отыпмын» деген сөздер ашу ызасын тудырады. Ері мен әйел арасындағы бітпейтін дау әйелін балағаттау, күш көрсетіп, қорлауға ұласады. Жұбайлар бір-біріне жек көрушілік сезімі өршіп, ауыр сөздер айтылады. Бұл жағдайда да, еркектер тарапынан әйелге зорлық-зомбылық жасалады. Әйелдерді әсіресе төрде «төңкеріліп жатқандар»  ызасын келтіреді.Ашу, ыза  кернеген жан қандайда бір орны толмайтын өкініштерге барады.Қалай десек те, ақыл ойдың жоғары көрсеткіштері ер адамдарға тиесілі.Олар патша, дана, шешен, батыр, ата, аға, іні, жар, ата-ананың мұрагері,отан қорғаушылар, ұрпақ жалғастырушы, отбасын асыраушылар, асқар тау, әке.Азаматсыз да,әйелдің күні «жарқырап» тұрмайды.

Қорқыт бабаның үйдің құты болған әйел кім?

 

лдай Ибайдуллаева

 

Қытай данышпаны Конфуцийдің пайымына илансақ, «қатардағы қарапайым әйелдерде бір тауықтың миындай ми болады.Ал, ерекше әйелдерде екі тауықтың миы болады» дейді.Көпен Әмірбек: «әйел миының салмағын білу үшін әуелі тауықтың миын өлшеу керек шығар» деп қалжыңдайды. Сондай-ақ, сықақшы ерлердің бар болмысын былайша сыйппатайды:«еркектер әйел тамақ әкелгенше талтайып, төргі үйде аударылып қалған қоңыз секілді төңкеріліп жатқаннан басқа түк бітірмейміз».

 

Алайда біз құрақ ұшқан сайын, ол шірене түседі.Бұл –пендеге тән мінез.Сондықтан да әжелеріміз:«еркекке сенбе, екі босағаңа сен» – деген деп те бекер айтпаған.Отбасын сақтау сіздің ақыл-парасатыңызға тіреледі. Ерінің қоғамдағы абыройы күшті болса, әйелдің де беделі өсе береді. Еркектердің  парызы — әйелдерді билеу.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*