ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

АЛАШТЫҢ АҚ ТУЫ немесе ҚАРА ТУДАН «ҚҰЛАҚҚАҒЫС»

Әлеумет

АЛАШТЫҢ АҚ ТУЫ немесе ҚАРА ТУДАН «ҚҰЛАҚҚАҒЫС»

talgy_admin 24.09.2018 241 рет қаралды

 

Қазақ деген ұлттың ақкөңіл, сенгіш, аңғалдығында шек жоқ — ау деген ойға келесіз кейде. Олай дейтініме, көптеген себептер бар. Алаш азаматтары да сенгіштігінің арқасында, талай қақпанға түскен еді, тіпті атылып та кеткен екен. Бірақ, олар осы ҚАЗАҚ деген ұлттың болашағы үшін ақ тудың астында күресті, өмірін қиды…
Қазір, мұсылман мемлекетін құрамыз, -дегендердің айтқанына еріп, әлемде жүздеген мың адам қырылып жатыр. Олардың ҚАРА ТУЫНЫҢ астына жиналып жатқандары, елі үшін немесе ұлты үшін емес, «идея» үшін, кейбірі ақша үшін өмірін қиып жатыр. Өкінішке орай, солардың ішінде біздің қандастарымыз да бар!!! Өткенде мұсылман мемлекетін құрамын деп, шахид болған «батырдың» анасы теледидардан сөйлеген сөзінен түсінгенім, қарғыс атқан қара тудың астында жазықсыз өліп жатқандар, діни секталарға кіріп, санасы уланғандар екен!!! Басқа діни секталар бізде шегірткедей қаптап өріп жүр. Кейбір сектаралардың әлемде зиянкес деген аты да бар
Қазақ қоғамы осындай уланудан аман болсын!!! Сіздерге де соны тіледім, туған -туыс, жолдас — жораларыңыз да аман болсын!!! Оққа ұшсам, Қасиетті қазақ жері үшін ғана ұшқанды қалар едім!!!
P.S. «Мұсылман мемлекеті» яғни, халифат құрамыз, — дегендер, мемлекеттің қауіпсіздігіне, егемендігімізге төнген қауіп . Осы жобаға ( Саяси проект) көптеген қаржы салып отырған мемлекеттер, байлығы мол елдерді жаулап алу саясаты тұрғаны көрініп -ақ тұр! Олай болса, ойланатын сәт келді!!! Былтыр «СЕКТАЛЫҚ СИНДРОМ» деген поста жазғандарымның көбі айдай анық келді бүгін…. ( Діни терроризм) Ойланайық, ағайын!!!

 

Советқазы Нұрсила

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*