ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

«ЖАС» ДЕГЕН НЕ, «ЖАҢА» ДЕГЕН НЕ?..

Саясат

«ЖАС» ДЕГЕН НЕ, «ЖАҢА» ДЕГЕН НЕ?..

talgy_admin 05.09.2018 906 рет қаралды

 

 

Менің Мырзан досым Кенжебай бұл жолы да, асығыс-үсігіс қалпы:

-Әй, Көкбөрі, осы сен неге үндемей қалдың? Мына жұрттың «Көкбөрі екі м айданға да тең жұмыс істейді. Оған дәлел, осы Жұмаш, ана жылы Алматы қалалық әкімдігінде екі рет, оппозицияда екі рет жұмыс істеген адам» дегендері рас сияқты.

— Иә, Мырзан, мұнымен не айтқың келіп отыр?

-Біздің жас мемлекетіміз Қазақстан Ресейдің құлақкесті құлы болғалы қашан? АҚШ санкцияларынан кейін ол көршіміз шатқаяқтап-ақ қалды. Біздікі де «орыс не көрсе соны бірге көреміз, өл десе, өлеміз» дегендей оларға жалпаң қағуын қояр емес. Кешеден бері орыс рублі қатты әлсірей бастап еді, біздің ұлттық теңге бірден құнсызданғанының куәсі болып отырмыз. Сен, осы туралы неге жазбайсың, а?

-Енді жазып жатырмын ғой.

— Жоқ, үнсіз қалдың? Жазғыш болсаң айтшы, «Жас Қазақстан» мен «Жаңа Қазақстан» дегеннің қандай айырмасы бар?

-«Жасы» — жас, «жаңасы» — жаңа. Онда тұрған не бар екен?

-Әй, Көкбөрі, әңгіменің бәрі осы «жас» пенен «жаңада» тұр емес пе?

-Сонда қалай?

-Мемлекетіміз «жас» болса, аналар неге «Жаңа Қазақстан» құрамыз деп екі өкпелерін қолына алып ала шапқын болып жүр? Онсыз да «жас» мемлекеттен олар қалайша «жаңа Қазақстан» жасамақ? Осы идеяның артында біздің «ұлылар» мен «дөкейлердің дөкейі» тұр деген рас па? Біз түбі ел болып қаламыз ба, жоқ, аналар айтып жүргендей «Жаңа Қазақстан» деген  бір мемлекет» құрамыз ба? Олар сонда онсыз да «жас мемлекеттен» — қалай «жаңа Қазақстан» жасамақ?

-Иә Мырзан, «жас» пенен «жаңаның» арасы жер мен көктей ме қалай өзі?..

-Әй, Көкбөрі, өтірік білмеген болма?- деп телефон құлағын тастай салды.

 

Ар жақтағы телефон біразға дейін:

-«Дың-дың», «дың!..»- деп тұрып қалды…

 

Жұмаш Көкбөрі,

05.09.2018 жыл.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*