ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

S O S ! Ойлан!..  «Оян, Қазақ!»( Міржақып Дулат)

Талқы алаңы

S O S ! Ойлан!..  «Оян, Қазақ!»( Міржақып Дулат)

talgy_admin 18.08.2018 10805 рет қаралды

 

«Жақында Қытайдың үлкен ақпарат агентіктерінің бірі sina.com сайтында белгісіз автордың мақаласы жарияланды. Мақала тақырыбы: «Қытайлық турис жігіттердің Қазақстанға саяхаттауының басқаша себебі» деп аталады. Айтпағы, Қытай жігіттерін біздің елге қыдырып келуге қызықтыратын ең маңызды себеп — әдемі қыздарымыз екен»(Масқара! 17 Тамыз, 2018 сағат 18:11 www.abai.kz порталында: «Қытайдың ең белді сайты қазақ қыздарына қатысты мақала жариялады. Нұра Матай».

Басқаны қайдам, бұл хабардан сол сәтте жердің жарығы болса, соған түсіп кетуге дайын едім.
…Ана керуен, сол құлдар, мына керуен,
Құл-құтанға бұйырып тұрағы өрден,
Қазақ Елі болғалы Тәуелсіз Ел
«Орысқұлдар» — есіріп шыға келген…

Қазағыма шын қауіп төнген еді,
Кілең «шолақ белсенді» өрген еді.
Қызылдармен билікті басып алған
Құл-құтандар билікке келген еді…

Кірмелердің айдауы, жетегімен,
Бейкүнә жас ұрпақтың өтеуімен,
Сол қаптаған қызылдар, большевиктер,
Атты! Асты!..
Безді Ұлтым мекенінен…

Жоқшылықтан қаншама арман өшкен,
Қанды қырғын кете ме таңдар естен?..
Сан миллион қазақты қырғандаған
Қанішерлер ұрпағы қаулап өскен…

«Шүлдір-шүлдір…» — есуас құтырғаны,,
Ана жақтан шамалы құтылғаны…
Тәуелсіз Ел болсақ та әлі күнге
Тексіздерден Қазағым құтылмады…

Дер кезінде қайран ұлт ескермеген,
«Орысқұлдар» – әлі күн дес бермеген,
Ортамызда жүр, әне, қызыл иттер,
Қызыл заман мәңгіге өшкенменен…

Қайран ұлтты тағы орға жықпақшы ма,
Қыңсылаған мияуды ұқпақшы ма?
«Орысқұлмен» жарысып, енді міне,
«Қытайқұлдар» — төріме шықпақшы ма?..

…Бұл шындық па, жоқ, жұрттың өсегі ме?
Бұл ананың, не оның кеселі ме?
«Қытай тілін мектепке енгізейік…»-
Деген ол кім?.. Қытайқұл көсемі ме?..

Қызыл заман қайтадан тап бола ма,
Айтшы, Қазақ, ал содан «бақ» қона ма?

Соныменен, «орысқұл»-«қытайқұлдар» —
Заманына қайран ұлт тап бола ма?..

Жұмаш Көкбөрі»

…Осы запыран-жырымда қолымнан келгенше сол бір ащы шындықтың бетін аймандай қылғым келген еді. Осы жыр жолдарындағы өзегімді өртеген «у мен өрт»(Абай) – оқырмандардың кейбіріне әсер етті ме, жоқ па, ол жағын тап басып айта алмаймын. Абай данышпан айтқандай, соңғы жылдарда «мен ішпеген У» қалмағандай ма, қалай?..
Мына іргеміздегі байырғы Шығыс Түркістанда тұрып жатқан қандас бауырларымыз қазақтарға аналардың көрсетпегені жоғын Сайрагүл оқиғасынан-ақ анық байқаған едік…
Ол жақта қазақтарымызды концлагерлерге тоғытып, жазықсыз қандастарымызға ойына келгендерін істеп жатқан ана сан миллиард жер бауырлағандарға қалай бүйрегің бұрылар?
Біздің мына орысқұл билік іргедегі Қытайға қазақтың өлшеусіз жер асты және жер үсті байлығын шүлен тарқатқандай үлестіріп жатқаны, енді білдіріп, білдірмей, олар қазақ жерін басы бүтін беру ниетінде екенін де көріп, біліп отырып, жүрегің қан жылайды екен!
Сол «миллиард» енді келіп қазақ қыздарын сұлудың сұлуына теңеп, мақтап жатуының артында қандай жымысқы зымиян саясаттың жатқанын көзі қарақты әр қазақ сезіп, біліп отыр…
Біздің мына тексіз, дінсіз, тілсіз, намыссыз тойымсыздар болса, аналар ұсынған қарыз долларларды ұялмай алып, қалталарын салып, белгілі бөлігін офшорларға жөнелтіп жатқанын ана қытайлар білмейді дей ме екен, мына кілең тексіз ұры-қары құл-құтан?..
Ұлтын жан-тәнімен сүйген әр қазақ, мына қытайдың және біздің тексіздердің зымиян саясатына ашық қарсылық білдірмесе, түбі кеш қалатынымыз айдай ақиқат!..
Ойлан!…
«Оян, Қазақ!..»(Міржақып Дулат).

Жұмаш Көкбөрі,
18.08.2018 жыл.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*