ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

«Шындықты біз айтпасақ…» Бейсен Нарынбай: Біздің ұрылар да доллармен ұрлаған ба?..

Экономика

«Шындықты біз айтпасақ…» Бейсен Нарынбай: Біздің ұрылар да доллармен ұрлаған ба?..

talgy_admin 13.08.2018 1541 рет қаралды

 

Соңғы кезде әлемнің көптеген елдеріндегідей қазақ теңгесі да сағат сайын құнсызданып барады.

АҚШ-қа ерегескен «Ресей министрі: Доллармен есеп айырысудан бас тартуымыз мүмкін…»-депті. Біздікі онысыз да орыстың қабағын аңдып отырған бейшаралар. Таяу арада  анларға жағымпазданып, осындай бірдеңені бықсытуы әбден мүмкін.

Түркияның Ердоғаны неше күн болды лираның құнсыздануын АҚШ-тан көріп, доллардан құтылудың жолын іздеуде. Өзі Ресейдің алдында жалпаң қағуда.

Жә, дұрыс делік.

Әлем ақпарат құралдарының жазғандарына қарағанда біздің бір мықты немесе мықтылар 350 миллиард АҚШ долларын ұрлап, офшор асырған дейді.

Путиннің де, Ердоғанның да және басқа «мәңгілердің де» ұрлап, офшорға тыққандарына сан жетпейді дейді білгіштер.

Егер осылар шын мықты, халқының жағдайын ойлайтын нағыз көсемдер болса, ана офшорларға тыққан миллиардтарын бірден ұлттың валютаға айырбастап, өз елдерінің кассаларына салсын дер едім.

Өздері бар ұрлағандарын доллармен офшорлатады да  «доллардан құтылу керек» деп неге сандырақтайды екен?

Бүгінде билік басындағы құдайлардың ұрламағандары, доллармен тықпыштамағандары жоқ екен.

«Қалың елім қазағым, қайран жұртым…»(Абай), сонымен кімге бұлар доллардан қалай құтылмақшы екен?

Мен түсінбедім…

 

Бейсен Нарынбай,

13.08.2018 жыл.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*