ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

«Шындықты біз айтпасақ…». Бейсен Нарынбай: «Бари билерге»…

Экономика

«Шындықты біз айтпасақ…». Бейсен Нарынбай: «Бари билерге»…

talgy_admin 09.07.2018 1239 рет қаралды

 

«БАРИ БИРЛЕРГЕ» — «БАРИ БИР…»

 

Міне, ана аты жоқ қаланың жиырма жылдық тойын негізінен жоғары жақтағылар, «жоқ» дегенді білмейтін қарны тоқтар, парламенттен өмірі кетпейтін ақыл айтқыштар, «шүлдір-бикелер»  мен «шүлдірбектер», негізінен осы мемлекетті құрушы таза қазақ тілді қазақтарды менсінбейтіндер, жер қайысқан атаққұмарлар, темір сөлкебай құмарлар, жағымпаздар, — әй, бір айды аспанға шығарып, тойлады дерсің! Тойлағанда қандай!…

Осы таусылмайтын тойға жиырма миллиард ақшаны шашыпты… Ол турасында олардың өздері ұялмай айтып отыр… Бұлар сонда ол көп ақшаны кім үшін және не үшін шашты?..

70 жыл отары болған орман аюларының орнына енді мына көршіміздегі жер бауырлап, ысылдап таяп қалған жыландардан қазақты, оның жерін, елін қорғағысы келген жоғары жақ жоқ!

Жалпы олар қазақты соншалықты жек көреді. Сондықтан да ол міскіндерге «бари бир…»!

Осы шығыстағы екі миллионға жуық қазақтарды, міне, 28 жылға таяп қалды, атамекеніне келтірмеудің барлық айла-шарғысы жасалды және жасалуда. Оларды ана алып ел соттап, айдап, қинап, қорлап жатса да, мына біздің «құдайға» шыбын шаққан құрлы көрінбейді екен, сұмдық-ай!..

«Құдай»  үшін ол қазақтар жер бетінен мүлдем жойылып кетсе де ештеме етпейді. Бұл сорлыларға керегі қазақ ұлты емес, ана келімсек қазақстандықтар ғана. Қазақтың тілі де керек емес, енді үш тілдің орнына тағы да қытай тілін қосып, қазақтың болашағының тамырына балта шабу армандары!

Ана қаптаған телеарналар таңның атысы, кештің батысы қабатов, сабатовтарға қазақты қорлатқаннның үстіне қрлата беріп, ұлтты мүлдем есінен шатастыора беру… Фонограммамен ғана өтірік ән салатын өтірік әншісымақтармен ұлт миын ашыту!

Біздің қазақты шындап жек көретіндер ең алдымен БАҚ, анығырақ айтқанда ана «Қазақстан», «Хабар», КТК, 31, Астана, Алматы, НТК, т.б. телеарналар екені даусыз. Осылар арқылы ұлтымыздың онсыз да ашып кеткен миын, мүлдем, гшірітіп жіберу – түпкі асыл армандары!

Мемлекеттегі ең кедей – осы қазақтар. Аналарға барша қазақ қайыршы болып, тоз-тозы шығып кетсе де «бари…бир…».

Қайталап айтамын: «бари бирлерге» — БАРИ БИР!..

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*

Оқи отырыңыз