ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

ҚАНАТ ИСЛАМ —  ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ НАМЫСЫ!

Спорт

ҚАНАТ ИСЛАМ —  ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ НАМЫСЫ!

talgy_admin 06.07.2018 1318 рет қаралды

 

ҚАНАТ ЕР!..

Кімге де болсын Тек керек,
Және де Намыс, От керек!
АҚШ-та штат Делавэр
Қанат пен Робсон — жекпе-жек…

Ес жиюға да бермеді,
Сеніммен дәлдеп сермеді…
Қас-қағым сәтке жеткізбей,
Ұлтымның ұлы ерледі!

Біздің ұл тып-тың құр аттай,
Ал, ойлар – мөлдір бұлақтай…
Қанат ер — Робсон Ассисті
Тандыра естен құлатты-ай!..

Қай сынға дайын, бекем-ді,
Ал, бойда қайрат жетер-ді!
Тағы да Қанат Ислам —
Қазағын көкке көтерді!

Жұрт ұйып қазақ әуенге,
Бас иіп ұлттық сәлемге,
Қазақтың Туын – Ұлт Тілін,
Танытты Қанат әлемге!..

Жылтырын емес сыртының,
Ойлайтын жәйін жұртының,
Әр Қазақ, біздің Қанаттай,
Болса ғой ұлы Ұлтының?

Жеңістен тұрған әр ісі,
Ұлтымның текті арысы,
Қанаттай болса, арман не,
Қазақтың Ұлттық Намысы!..

Жұмаш Кенебай(Көкбөрі),
06.07.2018 жыл

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*