ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Спорт

Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі екінші жеңісіне жетті

talgy_admin 16.06.2018 359 рет қаралды

Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

6 маусым күні Лондон қаласындағы Йорк-холл орталығында өткен бокс кешінде өнер көрсеткен  отандасымыз мансабындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Данияр Елеусіновтың қарсыласы Венгрия елінің өкілі Золтан Шабо (23-11, 14 КО) болды. 24-жастағы Шабо кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуін 2016 жылы қараша айында өткізген.  34 жекпе-жек өткізген Шабо оның 23-інде жеңіске жетсе, 11 кездесуінде ұтылған.

Алты раундқа жоспарлаған жекпе-жек толықтай өтті. Жеңімпазды кездесу аяқтағаннан соң төрешілер анықтады. Данияр Елеусінов 65:64 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Елеусінов Джейкобс-Сулецки жекпе-жегінің андеркартында сынға түсіп, 6 раундқа жоспарланған жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Отандасымыз америкалық жеңіліп көрмеген Ноа Кидтен бір бас жоғары екенін көрсетіп, 3 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*