ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

ҰЛТЫМЫЗДЫ КІМ ҚҰТҚАРАДЫ?..

Экономика

ҰЛТЫМЫЗДЫ КІМ ҚҰТҚАРАДЫ?..

talgy_admin 10.06.2018 1139 рет қаралды

 

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=2046540078723338&id=100001020974346

 

Біз мысалға келтіріп отырған жоғарыдағы ФБ-да көрсетілген Қытайлар қолына өтіп кеткен ұлттық байлықтарымыздың тізіміне бір сәтке болса да көз жүгіртсеңіз, жағаңызды ұстайсыз?

Дәлел керек пе?

Міне, сол айтқандарыма нақты деректер төменде:

«АО СНПС- Ақтөбемұнайгаз» — акцияның 95 пайызы ҚХР-дікі,

Бірлескен кәсіпорын ЖШС «Қуат Амлонмұнайгаз» — меншігінің 100 пайызы ҚХР-кі,

АҚ СНПС «АйданМұнайгаз» — 100 пайыз ҚХР меншігінде,

ЖШС «Көлжан» — 100 пайызы қытай меншігінде,

ЖШС «Емир ойл» — 100 пайыз қытай меншігінде,

ЖШС «Сазанқұрақ» — 100 пайызы қытай меншігінде,

ЖШС «Потенциал Оил» — 100 пайызы ҚХР меншігінде,

АҚ КМК «Мұнай» — 88 пайызы қытай меншігінде,

«Сағыз Петролеум Компании – 100 пайыз қытайдікі,

«Прикаспиан» ЖШС «Петролеум» — 100 пайыз Қытайға өтіп кеткен,

ЖШС «Қазгермұнайгаз» — меншіктің 50 пайызы тағы да солардікі,

АҚ «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» — 67 пайызы Қытайдікі,

АҚ «Қаражамбасмұнайгаз» — 50 пайызы ҚХР-дікі…

Бұл жүрегіңді қан жылататын  тізімді ұзақ-сонар келтіре беруге болады. Менің  қолымда бүгінге дейін Қытайға өтіп кеткен Қазақстан компаниялары тізімі 20-дан асып жығылады екен.

Ал, бізге белгісіз ондай талан-таражға түскен ұлттық байлығымыз мыңдап саналатын сияқты.

Неге біздің мемлекет басшысы жиі-жиі бұл көршімізге тым жиі барғыштайтыны, қытай бизнесмендерінің «Ұлт Көшбасшысын» неге жандарынан да артық жақсы көретіні – енді түсінікті шығар.

Түбі Тәуелсіз Қазақ Елі тұтастай алып айдахардың кең өңешіне жұтылып кетпей ме?

Қазірдің өзінде еліміздің жарты денесі әлгі тойымсыз сұмырай айдахардың кең өңешінен қылтиып әзер көрініп тұрғандай ма, қалай өзі?

Әлгі текті қазағымыздың: «ол қара пәлелер қаптаса, ана сары пәлелерді әкеңдей көресің» деген қанатты сөзінің қазірдің өзінде ақиқатқа айналғаның куәсі бола бастағанымыз ба шынымен?

Алда бізді күтіп тұрған бұл сұмдық апаттан  «маңдайының соры бес елі» Қазағымызды кім құтқарады?..

 

Ұлы Дала Көкжалы,

10.11.2018 жыл.

1 Comments

  1. Руза 10.06.2018

    сөз жоқ!

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*